Алматыда коронавирус жұқтырған 27 бала ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 847 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған 27 бала ауруханада жатыр

4 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 198 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 186, симптомсыз – 12 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 92, келіп түскені – 74

«Инфекциялық стационарларда 847 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2334), оның ішінде 27 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 103 адам жатыр.

Ал 26 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 47 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 24 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1804 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 1722 науқас. 81 адамда коронавирус белгілері жоқ.