Алматыда коронавирус жұқтырған 27 бала емделіп жатыр
16 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 109 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 88, симптомсыз –21 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шығарылғандар – 62, келіп түскені – 61.
Инфекциялық стационарларда 701 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 27 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 66 адам жатыр. Ал 11 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 23 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 26 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 924 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 729 науқас. 195 адамда коронавирус белгілері жоқ.