Алматыда коронавирус жұқтырған 3,6 мың адам ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда коронавирус жұқтырған 3 649 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 612 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 540-ы симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 72-і симптомсыз ауырған.

«Қазір 7 мың төсек-орынның 6 100 төсек-орны іске қосылған. Бүгінгі күні 3 649 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 99-ы бала. Жағдайы ауыр науқастар саны 728. Орташа жағдайдағы науқастар саны 2921. ӨЖЖ – 32, инвазивті емес ӨЖЖ – 88, High flow-да 79 аппарат жұмыс істейді»,- деп хабарлады басқармадан.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 132 пациент бар, симптомдармен, ауырлықтың орташа дәрежесімен – 5 196, симптомсыз – 936 адам.

Бұған дейін, қалалық денсаулық сақтау басқармасы Алматының инфекциялық стационарларында төсек-орын тапшылығы жоқ екенін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар