Алматыда коронавирус жұқтырған 3,7 мың адам ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3747 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

27 сәуір күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 689 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 591, симптомсыз – 98 науқас тіркелді.

«Инфекциялық стационарларда 3747 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 91 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 246 адам жатыр. Ал 40 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 91 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5733 пациент бар. Оның ішінде 5076 адамда індет белгілері болған, олар орташа ауыр жағдайда. 657 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар