Алматыда коронавирус жұқтырған 3,8 мың адам ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда коронавирус жұқтырған 3872 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған 3,8 мың адам ауруханада жатыр

«Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 610 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 529-ы симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 81-і симптомсыз ауырған»,- деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Қазір 7 мың төсек-орынның 6 100 төсек-орны іске қосылған. Бүгінгі күні 3 872 науқас ем қабылдап жатыр. Келіп түскен науқастар саны – 260, емделіп шығарылғандар саны – 69 адам.

Айта кетейік, Алматыда өткен тәулікте 6140 адамға коронавирусқа қарсы екпе салынды.