Алматыда коронавирус жұқтырған 31 науқас тыныс алу аппаратына қосылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 6 602 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған 31 науқас тыныс алу аппаратына қосылған

22 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 615 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1541, симптомсыз – 74 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 263, келіп түскені – 478.

«Инфекциялық стационарларда 6 602 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 199 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 464 адам жатыр. Ал 31 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 203 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 207 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 14 295 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 13 762 науқас. 533 адамда коронавирус белгілері жоқ.