Алматыда коронавирус жұқтырған 331 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 331 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған 331 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

8 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 976 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 933, симптомсыз – 43 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 454, келіп түскені – 378.

«Инфекциялық стационарларда 3 669 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –7740), оның ішінде 110 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 331 адам жатыр.

Ал 52 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 135 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 159 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 7446 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 7215 науқас. 231 адамда коронавирус белгілері жоқ. Алматыда коронавирус жұқтырған 58 науқас тыныс алу аппаратына қосылған.