Алматыда коронавирус жұқтырған 35 науқас тыныс алу аппаратына қосылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 6 021 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған 35 науқас тыныс алу аппаратына қосылған

24 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 590 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1 515, симптомсыз –75 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 676, келіп түскені – 667.

«Инфекциялық стационарларда 6 021 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 169 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 467 адам жатыр. Ал 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 188 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 223 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 12 868 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 369 науқас. 499 науқаста коронавирус белгісі жоқ.