Алматыда коронавирус жұқтырған 430 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 5 963 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған 430 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

16 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 517 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1 429, симптомсыз – 88 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 944, келіп түскені – 651.

«Инфекциялық стационарларда 5 963 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 195 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 430 адам жатыр. Ал 65 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 173 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 180 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 13 221 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 685 науқас. 535 адамда коронавирус белгілері жоқ.