Алматыда коронавирус жұқтырған 46 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 46 науқас тыныс алу аппаратына қосылған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
9 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 931 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 894, симптомсыз – 37 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 450, келіп түскені – 312.
«Инфекциялық стационарларда 3 502 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –7740 ), оның ішінде 108 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 310 адам жатыр.
Ал 46 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 122 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 126 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 7312 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 7085 науқас. 226 адамда коронавирус белгілері жоқ.