Алматыда коронавирус жұқтырған 472 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 6 104 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 505 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1 441, симптомсыз – 64 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар саны – 1 035, келіп түскені – 582.
«Инфекциялық стационарларда 6 104 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 162 бала емделіп жатыр», - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 472 адам жатыр. Ал 33 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 190 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 213 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 13 349 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 831 науқас. 518 адамда коронавирус белгілері жоқ.