Алматыда коронавирус жұқтырған 48 науқас тыныс алу аппаратына қосылған
22 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 549 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 508, симптомсыз – 41 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 265, келіп түскені – 208.
«Инфекциялық стационарларда 2 263 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 102 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 231 адам жатыр.
Ал 48 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 95 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 66 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5085 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 4944 науқас. 141 адамда коронавирус белгілері жоқ.