Алматыда коронавирус жұқтырған 52 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 6 336 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған 52 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

19 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 555 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1440, симптомсыз – 115 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 539, келіп түскені – 690.

«Инфекциялық стационарларда 6 336 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 191 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде 452 адам жатыр.

Ал 52 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 200 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 197 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 14 180 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 13 620 науқас. 560 адамда коронавирус белгілері жоқ.