Алматыда коронавирус жұқтырған 61 адам жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 090 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 198 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 193, келіп түскені – 199.

«Инфекциялық стационарларда 1 096 адам бар (төсек-орын - 2380). Оның ішінде 144 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 61 адам жатыр.

Ал 16 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 15 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 7 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 045 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 5736 науқас.

309 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар
telegram referendum