Алматыда коронавирус жұқтырған 67 адамның жағдайы өте ауыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3 263 науқас ем қабылдап жатыр. 67 адамның жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өткен тәулікте 661 адамнан коронавирус анықталды. Оның 519 симптомды, 92 симптомсыз.

«Қазір 7 мың төсек-орынның 5 610 төсек-орны іске қосылған. Бүгінгі күні 3 263 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 103 бала. Жағдайы аса ауыр науқастар саны - 67, осындай науқастар саны артып келеді. 2558 науқастың жағдайы орташа ауыр»,-деп хабарлады басқармадан.

4 сәуірде 80 науқас ауруханадан шығарылды.

«Халық Арена» кешеніндегі мың төсек-орынға аралған стационарда 42 науқас жатыр. Карантидік төсектер бойынша «Премьер-Алатау» қонақ үйіндегі 70 орынның 10-ы бос емес. Ал, «Astana Inter hotel Almaty» қонақүйінде 5 адам бар. Ондағы төсек- орын саны 200 .


Соңғы жаңалықтар