Алматыда коронавирус жұқтырған 800-ден астам науқас ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 839 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған 800-ден астам науқас ауруханада жатыр

14 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 143 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 123, симптомсыз – 20 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 8, келіп түскені – 64

«Инфекциялық стационарларда 839 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1774), оның ішінде 23 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 78 адам жатыр.

Ал 16 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 44 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 15 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1364 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 1300 науқас. 64 адамда коронавирус белгілері жоқ.