Алматыда коронавирус жұқтырған 82 адам жансақтау бөлімінде жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1028 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14 ақпан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 480 адам коронавирус жұқтырған.
Барлық емделіп шыққандар – 250, келіп түскені – 75.
«Инфекциялық стационарларда 1 028 адам бар. (Төсек-орын 3310). Оның ішінде 56 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 82 адам жатыр.
Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 26 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 15 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 841 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 3 598 науқас.
Симптомсыз 243 науқас бар.