Алматыда коронавирус жұқтырған 89 бала емделіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 277 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған 89 бала емделіп жатыр

8 шілде күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 420 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 370, симптомсыз – 50 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шығарылғандар – 116, келіп түскені – 203.

Инфекциялық стационарларда 1 277 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 700 ), оның ішінде 89 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 96 адам жатыр. Ал 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 39 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 30 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2516 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 2208 науқас. 308 адамда коронавирус белгілері жоқ.