Алматыда коронавирус жұқтырған 93 бала емделіп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 194 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
7 шілде күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 340 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 293, симптомсыз –47 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шығарылғандар – 111, келіп түскені – 186.
Инфекциялық стационарларда 1 194 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 700), оның ішінде 93 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 96 адам жатыр. Ал 14 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 40 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 25 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2344 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 2043 науқас. 301 адамда коронавирус белгілері жоқ.