Алматыда коронавирус жұқтырған 97 адам жансақтау бөлімінде жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 885 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
7 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 135 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 129, симптомсыз – 6 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 12, келіп түскені – 65
«Инфекциялық стационарларда 885 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2334), оның ішінде 28 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 97 адам жатыр.
Ал 19 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 48 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 19 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1701 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 1627 науқас. 74 адамда коронавирус белгілері жоқ.