Алматыда коронавирус жұқтырған балалар саны күрт көбейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған балалар саны күрт көбейді. Індет «жасарды». Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қалада коронавиурстың кең тарауына мутацияланған түрінің келуі себеп болған. Өйткені жаңа штаммның жұқтыру қабілеті екі есе жоғары.

«Індет «жасарды». Қазір коронавирусты жас балалар жұқтырып жатыр. Осы мәселе бізді алаңдатып отыр. Наурыз айының бірінші аптасында 10 жағдай тіркелген болатын. Қазір 160 жетті. Сондықтан бұған мән беру керек. Ең алдымен ата-аналар сақ болуы қажет. Былтыр оқушылар арасында вирус жұқтыру жағдайы 281 болған. Жаңа жылдан бері 1700-ге жуық оқушыдан вирус анықталды. Вирус анықталған оқушылардың 80 пайызы үйде, яғни қашықтан оқитындар. Сондықтан баланың қайда жүргенін бақылау керек, оларға адам көп шоғырланған жерге бармауға кеңес беру керек. Күн жылынысымен мыңдаған адам далаға шықты, сондықтан адам көп жиналатын жерден бастарту қажет, - деді ол.

Жандарбек Бекшин санитарлық талапты сақтауға кеңес берді. Қолды жуып, масканы үнемі тағып жүру керектігін баса айтты.


Соңғы жаңалықтар