18:50, 03 Мамыр 2020 | GMT +5
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 1 285-ке жетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 1 285 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңадан жұқтырған 38 адам анықталды. Оның ішінде 3-уі үй ошағынан, қалғандары вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар. Вирусы жаңадан анықталған адамдармен байланыста болған барлық адамдар табылып, карантинге орналастырылды.
2 адамның жай-күйі өте ауыр, 25 адамда – ауыр, 263-інде ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық»,- деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Бүгінде жұқпалы аурулар стационарларында Covid-19 вирусынан 1 111 пациент емделіп жатыр.