Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1405 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

7 ақпан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 445 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 280, келіп түскені – 147

«Инфекциялық стационарларда 1 405 адам бар (төсек-орын 3310 ). Оның ішінде 99 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 107 адам жатыр.

Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 37 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 24 аппарат жұмыс істейді.

7473 пациент М едициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында.

Оның ішінде індетке шалдыққан орташа ауыр жағдайда – 6 967 науқас.

Симптомсыз 506 науқас бар.