Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны екі есе өсті – әкімдік

None
None
АЛМАТЫ. ҚазщАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша өткен аптада коронавирус 1,7 есеге өсіп, соңғы тәулікте 299 адамнан вирус анықталды. Тәуліктік өсім - 0,3%.

7 шілдедегі жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясының 76407 жағдайы тіркелді, оның 59660-ы симптомды және 16747-сі симптомсыз, анықталмаған пневмония - 2013.

6 шілдеде коронавирус инфекциясы 299 адамнан анықталды. Оның 259-ы симптомды, 40-ы симптомсыз. Тәуліктік өсім - 0,3%. Репродуктивті саны - 1,353.

Инфекциялық стационарларда 1131 адам (80 бала) емделуде, оның 33-інің жағдайы өте ауыр, 256-сы ауыр, 842-сі орташа ауырлық дәрежесінде.

Реанимация мен интенсивті терапия бөлімдерінде 102 пациент жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратында - 19, инвазивті емес тыныс алу аппаратында - 34, High flow аппаратындағылар - 22.

Алматыда 7 шілдедегі жағдай бойынша вакцинаны 534 199 адам алды, оның ішінде 5 240 полиция қызметкері, 29 501 мұғалім, 34 229 дәрігер. Вакциналанғандардың жалпы санынан 60 жастан асқандар 87134 адамды құрайды (16,3%).

Қаланың санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті егде жастағы азаматтарды белсенді түрде вакциналануға шақырады, өйткені вакцина созылмалы ауруы бар науқастардың инфекция жұқтыруларының алдын алады.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени-спорттық мекемелерде, базарларда және қаланың СОСО-да 212 екпе пункттері жұмыс жасауда. Құрамында 1260 адам бар 308 екпе бригадасы жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар
telegram