Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 36%-ы — жастар
Оның айтуынша, биыл коронавирус инфекцияның даму динамикасы күрт өсті. Әсіресе, 20-30 жас аралығындағы тұрғындар жиі шалдығып жатыр.
«Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 36 пайызы жастарға тиесілі. Сондай-ақ, бір жасқа дейінгі балалар арасында өсу байқалады. Оқушылар арасынан да шығып жатыр. Айта кету керек, бұл балалардың барлығы онлайн оқып жатқандар. Әрбір екінші адам отбасында инфекцияны жұқтырады. Симптоматикалық науқастардың саны артып, 90% дейін жетеді»,-деді Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар, ол қалада коронавирус жұқтырғандардың саны 8 наурыздан бастап көбейгенін айтты.
«Енді мамыр мерекелері келе жатыр. Осыған байланысты алматылықтарды барлық санитарлық талапты сақтауға шақырамын. Халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға кеңес береміз», - деп түйіндеді ол.