Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина салу жалғасып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша соңғы тәулікте 10 645 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«13 сәуір күні 10 645 алматылық вакцина салдырды. Бүгінгі күні қалада 78 395 доза вакцина бар», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында КВИ-ге қарсы иммундау 100 000-нан астам адамға жоспарланған.

Бүгінгі күні 203 пункт жұмыс істеп жатыр.1 809 адамнан тұратын 406 егу бригадасы бар.

13 сәуірден бастап Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтпаев к-сі) вакциналау пункті жұмыс істей бастады. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін.


Соңғы жаңалықтар