Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинация жалғасуда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулік ішінде 2019 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның ішінде 1-компонентін 473 адам, 2-компонентін 1 546 адам салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 24 наурыз аралығында қалада 1 154 497 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 122 251 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде жасы 60-тан асқан адамдардың саны 125 064», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасымен барлығы 60 855 адам егілді. Оның ішінде 3 442 жүкті әйел, 13 422 бала емізетін ана және 43 828 жасөспірім бар.

Ревакцинациядан қаланың 296 768 тұрғыны өтті.

«Қазір қалада медицина мекемелерінде 136 вакцинация пункті жұмыс істейді. 175 вакцинация бригадасында 555 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар