14:18, 21 Маусым 2021 | GMT +6
Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның қанша дозасы бар
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 2 426 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 20 маусым аралығында қалада барлығы 375 340 адамға екпе салынды.
Вакцина алғандардың ішінде 60 жастан асқан қарт кісілердің үлесі - 45 304 .
Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қала бойынша бар вакцина – бірінші компоненттің 74 210 дозасы және екінші компоненттің 105 880 дозасы бар.