Алматыда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация бірнеше күнге шектеледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинация бірнеше күнге шектеледі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі күн ішінде Алматы қаласының 17 мыңнан аса тұрғынына вакцина салынды. Ауруханалардан бөлек, Asia Park сауда ойын-сауық орталығы мен Республика сарайында вакцинация жүргізілді. Бүгін кем дегенде 10 000 адамға вакцина салынады деп ойлаймын. 3-4 күнде вакцинаның жаңа партиясы келеді. Жаңа партия жеткізілгенге дейін вакцинацияны шектеу қажет болады. Қалғанын тек Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған адамдар контингентіне салуға тырысамыз. Ертең екпе жасалады, бірақ соңғы екі күндегідей емес, шектеулі мөлшерде», - деді ол.

Нариман Табынбаев алматылықтарды алаңдамауға шақырып, сәуірде вакцина жеткілікті болатынын айтты.

«Сәуір айында вакцина жеткілікті болады деп ойлаймын. Біз вакцинацияны тек медициналық мекемелерде ғана емес, халықты кеңінен қамту үшін дайындалған вакцинация пунктерінде де жасау керектігін түсіндік. Біз ертең вакцинация жасаймыз, бірақ шектеулі мөлшерде. Осы екі күндегідей ауқымда емес», - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.


Соңғы жаңалықтар