Алматыда коронавируспен ауырған 2 392 адам ем алуда
Ведомствоның мәліметінше, Алматыда 14 шілдедегі жағдай бойынша КВИ-дың 349 жаңа жағдайы тіркелді. Оның 341-і симптомдық белгілермен, 8-і симптомсыз.
«Бүгінгі таңда Бірінші медициналық-санитариялық көмек пен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 392 науқас бақылауда. Олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 232, симптомсыз 160 науқас бар»,- делінеді хабарламада.
Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша бір тәулікте 363 адам вакцинаның бірінцші компонентімен, 541 адам екінші компонетімен егілді. Ревакцинациядан 1 577 адам өтті.
Алматы қаласында өткен жылдың ақпан айынан осы жылдың 14 шілдесіне дейін бірінші компонентпен 1 231 577 адам, екінші компонентпен 1 196 518 адам егілді. Сондай-ақ, өткен жылдың қараша айынан осы жылдың 14 шілдесіне дейін 508 577 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті. Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) вакцинасымен 117 671 адам егілді.
«Бүгінде қалада 85 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр. 99 вакцинация бригадасына 313 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.