Алматыда коронавируспен күреске қанша ақша бөлінген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус инфекциясымен күреске кезең-кезеңімен ақша бөлінген. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавируспен күреске қанша ақша бөлінген

Оның айтуынша, Алматыдағы медицина саласына кезең-кезеңімен қаражат бөлінген.

«Бірінші транш – Үкімет резервінен 73,5 млн теңге бөлінген болатын. Бұл қаражатқа медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныс құралдары мен науқастарды емдеу үшін дәрі-дәрмек сатылып алынды. Одан кейін 94,5 млн теңге әкімдік тарапынан бөлінді. Бұл қаражатқа жеке қорғаныс құралдары, дезинфекциялау құралдары сатылып алынды. Үшінші рет 1 млрд 300 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат жеке қорғаныс құралдары мен зарарсыздандыру құралдарын, антисептик, дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалды», - деді басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев.