Алматыда коронавирустан бір науқас қайтыс болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында коронавирус індетінен 59 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген ақпаратта.
Қазақстанда індеттің расталған жағдайларының саны 6440-қа жетті. Оның ішінде жазылды - 3373, қайтыс болды 35 адам.