Алматыда коронавирустан тағы 1 адам көз жұмды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус инфекциясынан тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда коронавирустан тағы 1 адам көз жұмды

Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, қайтыс болған азамат 1964 жылы туған.

Осылайша, елімізде қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 20 адам болды.

Олар:

Нұр-Сұлтан қаласы – 2

Алматы қаласы – 6

Шымкент қаласы – 3

Ақмола облысы – 4

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Қарағанды облысы – 1

Қостанай облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Түркістан облысы – 1