Алматыда коронавирусты қайта жұқтырған 10 науқас тіркелді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мегаполисте коронавирусты қайта жұқтыру деректері тіркелуде. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, Алматыда вирусты қайта жұқтырудың 10 жағдайы тіркелді. Оларда былтырғы жылдың жазында коронавирус инфекциясы симптомсыз өткен. Енді клиникалық белгімен өтіп жатыр.

«Бұл жағдай бойынша мәліметтер бірыңғай статистикалық есепке алынады», - деді Әсел Қалықова.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта қаладағы сауда үйлері мен базарда халыққа вакцина салу жұмысы қалай жүргізілетінін айтты.

«Қазір халықты вакцинациялау бойынша қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы әзірленіп жатыр. Онда вакцина салудың алгоритмі белгіленеді. Вакцина салдыруға келген адамда өзімен бірге жеке куәлігі немесе паспорты болу керек. Ал 21 күн өткен соң ол адам алғаш вакцина салдырған емханасына немесе уақытша екпе салу орнына қайта бару керек», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар