Алматыда коронавирустың мутацияланған штамдары тарап жатыр - дәрігерлер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қалада мутацияланған штамдардың тарап жатқанын мәлімдеп, алматылықтарды қорғану шараларын күшейтуге шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мегаполисте эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Алматы қаласы «қызыл аймақта». Эпидемия басталғалы бері қалада коронавирус инфекцияның 34083 жағдайы тіркелген, жыл басынан бері- 15562 коронавирус жұқтырған науқас анықталды. Соңғы 7 күнде ауру көрсеткіші R-1,114 репродуктивті санында 149,4 құрады.

30 наурыз күні 526 жағдай тіркелді, тәуліктік өсім 1,5 пайыз.

«Ауру жұқтырудың көбеюі мутацияланған штаммдардың анықталуына байланысты. Онда инкубациялық кезең қысқа. Эпидемияның даму динамикасының соңғы 7 күнгі сипаттамасы мынандай: 23 наурызда - 380 жағдай, 24 наурызда – 341 жағдай, 25 наурызда - 330 жағдай, 26 наурызда – 450 жағдай, 27 наурызда - 510 жағдай, 28 наурызда-415 жағдай, 29 наурызда – 545 жағдай, 30 наурызда – 526 жағдай»,- дейді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Департамент таратқан мәліметке сәйкес, күшейтілген карантин шараларының арқасында сауда орталықтарындағы жұғу деңгейі сәл төмендеген. Мәселен, ол 23,7% - дан 20,5%-ға дейін азайған.


Соңғы жаңалықтар