18:21, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Алматыда корпоративтік жанжалдарды басқару жайы талқыланды
АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығы Орталық Азиядағы корпоративті басқару бойынша Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) жобасымен бірлесіп корпоративті хатшылар клубының үшінші мәжілісі аясында «Корпоративті жанжалдарды басқарудағы корпоративті хатшы рөлі» тақырыбын талқылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиынға қатысқан Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы (Киев қаласы) IFC корпоративті басқару бағдарламаларының заңгерлік мәселелері бойынша кеңесшісі Владислава Рябота дағдарыс кезеңіндегі корпоративті дау-дамайлардың туындауына тиімді жағынан жол беру ерекше маңызға ие екендігін атап өтті. Өйткені, осы арқылы уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік беретін тартыстарды шешудің жаңа тәсілдерін іздеу қажеттігі туындайды. Оның сөзінше, осындай тәсілдердің бірі медиация болып табылады. Клуб мәжілісінде оны қолданудың негізгі ұстанымдарымен Қазақстанның корпоративті хатшылары таныстырылды. Айта кетелік, медиация ? жанжалдасушы тараптарды бейтарап тұлға ? араағайынды қатыстыру арылы олардың өз еріктерімен келіссөздер жүргіздіру жолымен татуластыру процедурасы. Осы арқылы өзара түсіністік пен келісімшарттар жасауға қол жеткізіледі.2008 жылдың маусым айында құрылған Қазақстанның корпоративті хатшылар клубы отыздан астам корпоративті хатшылардың басын біріктіреді және олардың тәжірибе алмасуына, маңызды мәселелерді талқылауға, кәсіби біліктілікті арттыруға, сондай-ақ еліміз үшін жаңа корпоративті басқару институтын жетілдіру үшін күш біріктіруге мүмкіндік береді.