Алматыда қоршаған ортаны қорғаудағы өзара әрекеттестік туралы үшжақты меморандум жасалды

АЛМАТЫ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қалалық әкімдік, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және «СамұрықЭнерго» АҚ  арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды.
None
None

 Мақсат - Алматы қаласындағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін өзара әрекеттесу. Онда тараптардың міндеттері айқындалған. Қол қойған күннен бастап күшіне енетін Меморандум 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін  жұмыс істейтін болады. Оған дейін оны қолданудағы барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер мен консультациялар арқылы  шешілмек. Сондай-ақ ол тараптардың келісімімен толықтырылып, өзгертіліп және өзара әрекеттестік мерзімі ұзартылуы да мүмкін.

Соңғы жаңалықтар