Алматыда кортежден оқ атқан жөніндегі бейнеролик интернетке салынған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда кортеждегілердің оқ атқанын көрген адам оны камераға түсіріп алған, деп хабарлайды auto.lafa.kz.

Алматыда кортежден оқ атқан жөніндегі бейнеролик интернетке салынған

Жүргізуші Алматының шығыс жағындағы айналма жолда күнделікті өмірде кездесе бермейтін оқиғанының куәсі болған. Ол белгісіз жанның, шамасы үйлену тойы кортежі құрамында келе жатқан автомобиль салонындағы жолаушының аспанға қарай тапаншадан бірнеше рет оқ атқанын камераға түсіріп алған.

Интернетке салынған видеоны ғаламтор қолданушылары қызу талқылауда.