Алматыда «Қош бол, жаз мезгілі! Армысың алтын күз...» атты көрме ашылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көркемсурет және графика өнері шеберлерінің «Қош бол, жаз мезгілі ! Армысың алтын күз..,» атты топтық көрмесі ашылды.
Ұйымдастырушы - «Вернисаж» үкіметтік емес мәдениет және ағарту мекемесі.
Өнертанушылардың айтуынша, бұл көрме осымен алтыншы рет дарынды авторлардың басын қосып отыр. Мұнда сондай-ақ, кәсіпқойлармен қатар, сурет өнерімен енді-енді айналысып келе жатқан жас шеберлер де өз туындыларын қойған. Биылғы шараға тіпті 6 жастағы балалар да қатысып жатыр.
Шүйгін шөп, әр түрлі гүлдер мен көбелектер - жаздың белгісі болса, исі аңқыған қып-қызыл алмалар мен өріктер, шиелер мен алшалар, алқорылар - күздің белгісі. Жылдың әрбір мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, көз тартар көркемдігі бар.
Айта кетелік, көрмеге, Козлова Светлана, Сарыева Сабина, Петракова Анна, Бабич Евгения, Воронцова Александра, Серкина Диана, Павлетенко Наталья, Никонов Анатолий, Бурмистров Юрий, Крупский Борис, Усова Анна, Самаркина Виктория, Сарыев Санжар, Игнатьева Алиса, Шнейдерман Юрий, Галлям Фатима, Курменева Софья, Салықбаева Ақерке, Грюнберг Валерий, Абдуллаев Ясар и Бараускайте Наталия-Раминта сынды суретшілер қатысып отыр.
Олардың айтуынша, жаздың күзге ұласар кезеңі - суретшілер үшін керемет уақыт. Дәл осы шақта табиғат ерекше құлпыра түседі.
Аталмыш көрме 26-шы тамызға дейін жалғасады. Кіру -тегін.