Алматыда көше шамдары күндіз неліктен өшпей қалады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2019 жылы көшенді жарықтандыру жүйесі толығымен жаңарып, жаңа желілер салынады. Атап айтқанда, Алматыда шамамен 200 көшеде ескі шамдардың орнына жарық диодты шамдар орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алатау ауданында - 33 көшеде, Әуезов ауданында - 64, Жетісу ауданында - 32, Медеу ауданында - 32, Түрксіб ауданында - 39, Бостандық ауданында - 12 және Наурызбай ауданында 8 көшеде шамдар ауыстырылады.

«Жаңа жарық диодты LED шамдардың әрқайсысы 99 мың теңге тұрады. Бұл сомаға шамның құны, монтаж жұмыстары, ескі шамды бұзу, биіктіктегі жұмыстардың  ақысы кіреді», - деді басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Дәурен Жандыбаев. 

Д.Жандыбаев сондай-ақ, күндіз де жанып тұратын көше шамдарына қатысты алматылықтардың сұрағына жауап берді.

«Қазір жарық тірек бағандарының саны анықталып жатыр. Әр учаскеде токпен қамту қобдишасы орнатылған. Линияға тоқ содан келеді. Соның кесірінен күндіз 15-20 минутқа кейде көше жарығы қосылып қалады. Сонымен қатар, қас қарая желіде кернеу тогы болғандықтан, апаттық жұмыстар (қысқа тұйықталу, үзілу) жасалмайды. Жөндеу жұмыстары тек күндіз жүргізіледі. Сондықтан күндіз апаттың жойылғанын тексеру үшін аз уақытқа жарық қосылады», - деді Д.Жандыбаев.

Осы мақсатта диспетчерлік қызмет жұмысын нығайту әрі желідегі апаттық жағдайларды болдырмау үшін  SIMATICSTEP 7 (TIAPortal) V14 базасындағы бағдарламалық қамту жасалды.

«Жаңа шамдардың ескіден айырмашылығы экологиялық тұрғыдан тазалығында. Құрамында зиянды және қауіпті заттар жоқ. Оны жою үшін көп күш жұмсалмайды. Механикалық тұрғыдан шамдар сыртқы факторлардан қорғалған. Жарық шамдары қызуы үшін алдын ала қыздыру қажеттігі жоқ. Сонымен қатар, энергия тұтыну көрсеткіші анағұрлым төмен»,- деді Дәурен Жандыбаев.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру және Алматыда жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында Алматыда шамдардың 31,5% энергия үнемдейтін және жарық диодты лампаларға ауыстырылған.

2019-2026 жылдарға арналған «Алматы қаласының сыртқы жарықтандыру желісін қайта жаңғырту» мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1375 км сыртқы жарықтандыру желісі мен 42 052 тірек бағанын қауыстыру жоспарда бар. Сондай-ақ, тротуарларды жарықтандыруға 1 253 қосымша шам орнатылады.  

Бұл бағдарлама біткен соң Алматыда  энергоүнемдеуші LED жарықтандыру желісі толығымен 100 пайызға жаңарады.

20189 жылы 8000 шамды жарық диодты шамға ауыстыру жоспарланған.

 

Соңғы жаңалықтар