Алматыда көшеде себепсіз жүрген 604 адамға айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімшілік соты ТЖ режимін бұзуға қатысты бір тәулікте 93 істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда көшеде себепсіз жүрген 604 адамға айыппұл салынды

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 93 әкімшілік материал қарады, нәтижесінде 10 адам әкімшілік қамауға алынды, 61 адамға айыппұл салынды және 22 тұрғынға ескерту жасалды.

«28 наурыздан бастап 604 адам көшеде себепсіз жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 6-ауы қамауға алынды, 52-сіне айыппұл салынды, 17 адамға ескерту жасалды. Бақылау-өткізу бекеттерін айналып өтіп, қалаға кіру тәртібін бұзғаны үшін 18 адам жауапқа тартылды», – дейді Алматы қалалық ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.