Алматыда көшедегі әйелді себепсіз соққыға жыққан ер адам ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 28 жастағы әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда көшедегі әйелді себепсіз соққыға жыққан ер адам ұсталды

Полиция мәліметінше, күдікті Алматы облысының К. есімді тұрғыны, 1986 жылы туған.

«Күдікті Медеу ауданындағы бау-бақша серіктестігінің аумағында әйелді еш себепсіз соққыға жыққан. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тергеліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін Алматыда белгісіз ер адам 28 жастағы әйелге шабуыл жасап, соққыға жыққаны туралы жазған болатынбыз.