Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда көшкін жүрді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Медеу ауданында көшкін жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда көшкін жүрді

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Виктор Ким жазды.

Медеу ауданы әкімдігінің хабарлауынша, әкімдік қызметкерлері аудандық төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерімен бірге оқиға орнына барған.

«Оқиға орнында жолдың 30 метрден астам бөлігінің құлағаны көрініп тұр. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін арнайы белгі орнатылды. Тиісті шаралар қолдану жөнінде шешім қабылданған соң, жолды нығайтып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі»,-деді әкімдік өкілдері.