Алматыда көшпенділер мәдениеті туралы халықаралық конференция өтеді

АЛМАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 15- қараша күні "Еуразия аумағындағы көшпенділер мәдениеті» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
None
None

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бұл шараны ҚР Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен Алматы технологиялық университеті ұйымдастырып отыр. Мақсат - көшпенділер мәдениетінің тарихи құндылықтарын жан-жақты ашып көрсетіп, олардың қазіргі Қазақстан қоғамындағы эстетикалық және өркениеттілік қызметінің тарихи сабақтастығын айқындау. Конференция жұмысы мынандай тақырыптар бойынша өтпек - Еуразия аумағында өмір сүрген көшпенділердің этникалық мәселелері; Ежелгі көшпенділердің рухани және материалдық құндылықтары; Ежелгі көшпенділердің жазу таңбаларының қалыптасу тарихы; Еуразия аумағында өмір сүрген этникалық топтардың қазақтармен тарихи сабақтастығы; Сақтардың (скиф) қолөнеріндегі «аң стилінің» қолдану мәнері. Алқалы бұл жиын кезінде М.Өмірбекованың «Көшпенділер мәдениеті. Қазақтың дәстүрлі өнерінің мәдени рәміздік негіздері» атты монографиясы мен «Сақ (скиф) киім үлгілері мен Қазақстан петроглифтері» атты коллекциясы таныстырылады. Сондай-ақ киіз, гобелен бұйымдарынан жасалған көркемдік жұмыстардың «Пазырық» және студенттердің «Аң стиліндегі» шығармашылық көрмелері өтеді.

Соңғы жаңалықтар