Алматыда ковид ауруханалардағы төсек-орын саны қысқарды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 167 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда ковид ауруханалардағы төсек-орын саны қысқарды

19 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 30 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар –12 , келіп түскені – 4

«Инфекциялық стационарларда 167 адам бар. Оның ішінде 8 бала емделуде. Төсек-орын 1434-тен 1 104 - ке, дейін қысқарды», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 32 адам жатыр.

Ал 6 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 6 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 297 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 281 науқас. 16 адамда коронавирус белгілері жоқ.