Алматыда қойма өртенді

АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Алмалы ауданында бүгін түнде өрт болды. Нұрмақов,2 көшесінде орналасқан «Кулиш» және «Шатаева» жеке кәсіпкерлердің өндірістік-қойма жайлары өртенді,

 Алматыда  қойма  өртенді

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Екіқабатты ғимараттың шатыры өртеніп, жалын 1200 шаршыметрге жайылған. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында өрт сағат 02.57-де ауыздықталды, 06. 39 минутта толық сөндірілді.

Өрт сөндіруге Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 59 адамы мен 17 техникасы жұмылдырылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.