12:22, 28 Қараша 2009 | GMT +5
Алматыда ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірованың жеке концерті өтеді
АЛМАТЫ. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Алматыдағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жәния Әубәкірованың жеке концерті өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Концерт 2 бөлімнен тұрады. Онда танымал музыкант В.Моцарт, Л.Бетховен, С.Прокофьевтің шығармалары орындалады. Ж.Әубәкірова жақында консерваторияның студенттік симфониялық оркестрімен АҚШ-тың 5 қаласында концерт беріп қайтқан болатын. Концерттер Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Вашингтон, Бостон мен Нью-Иорктың ең танымал залдарында өткен.
Қазақ ұлттық консерваториясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жания Әубәкірова 10 желтоқсанда Германияның Лейпциг қаласында жеке концертін бермек.