Алматыда ҚР халық суретшісі Г.Ысмайылованың мерейтойлық көрмесі ашылды

sp;АЛМАТЫ. Желтоқсанның 22-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР халық суретшісі, «Құрмет белгісі» және «Парасат» орденінің иесі, «Тарлан» жүлдесінің лауреаты Гүлфайруз Ысмайылованың 80 жасқа толған мерейтойына орай «Қас-қағым сәттей...» атты көрмесінің ашылуы болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмені ҚР мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Асқар Бөрібаев Елбасының құттықтау сөзін жеткізе отырып, елдің мәдени дамуына, халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда қосқан үлесі үшін ҚР Президентінің жарлығымен марапатталған Гүлфайруз Ысмайыловаға І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.

1929 жылы 15 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген  Г.М. Ысмайылова халыққа «Бөтагөз», «Қыз Жібек» сиқты фильмдер арқылы кеңінен танымал. Сонымен қатар ол көптеген фильмдердің көркемдік безендірушісі. Г.Ысмайылова 16 жылдан астам Абай атындағы опера және балет театрында бас суретші болып қызмет атқарды. 30-дай қойылым оның безендіруінде жұмыс істеп келеді. Көркем кескіндеу шығармашылығы, театр және кино суретшісі әрі актриса және  қоғам қайраткері ретінде Г. Ысмайылованың  Қазақстан мәдениеті мен өнер тарихында алар орны ерекше.

Соңғы жаңалықтар