Алматыда ҚР индустриялық-инновациялық дамытуды іске асыру аясында қаржы секторларының өзара іс-қимылдары талқыланады

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы отырыста Қазақстанның серпінді индустриялық-инновациялық дамуын іске асыру аясында қаржы секторымен өзара іс-қимыл тетіктерін, елдің серпінді индустриялық-инновациялық дамуын іске асыруға қолдау білдірудің қаржылық құралдарын пайдалану мәселелері, сондай-ақ инвесторлармен және қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі жұмыс тобының құрамы мен қатысушыларын талқылау жоспарланған.
Бұл - кеңестің екінші отырысы. Біріншісінде салалық жұмыс топтарының құрамы және олардың жұмыстарының бағыттары бекітілді, сондай-ақ экономиканың перспективалық секторларын, инвестициялық жобаларды іріктеу әдістемесі әзірленді және Қазақстан экономикасының жеті перспективалық саласы бойынша шеберлік жоспарлары даярланды.