Алматыда ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті

; АЛМАТЫ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Жазушылар одағында ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған "Бірлігі жарасқан тәуелсіз елім бар" атты әдеби-музыкалық кеш болып өтті,

Алматыда  ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш  өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Ұйғыр жастары одағы мен Республикалық Ұйғыр мәдени орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға еліміздің ғылым және мәдениет қайраткерлері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

"Кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты Ата заңы. Бүгінгі Негізгі заңды адам құқығы мен бостандығы үшін мол кепілдік беретін әділетті құжат деп білемін. Бұл орайда, ұлттық мемлекеттің берік тұғыры болып табылатын Конституцияның 15 жылдығы құтты болсын дей отыра, Ата заңның аясында бүгінде Қазақстан - достастықтың туын тіккен жер болып отыр деп атап өткім келеді. Оның айғағы, Қазақстан жерінде бір шаңырақта достық пен ынтымақта өмір сүріп жатқан 130-дан аса әр түрлі ұлт өкілдері бар. Олардың барлығы қазақ жерінде бақытты ғұмыр кешуде. Біз де, ұйғыр ұлты өзімізді бақытты сезінеміз. Бізге барлық жағдай жасалуда, бүгінде Қазақстанда 64 ұйғыр мектебі жұмыс істейді, ұйғыр тілінде басылымдар шығады, театрлар да бар. Көпшілігі мемлекеттік органдар мен банктерде жұмыс істейді, жеке кәсіпкерлікпен де айналысуда. Бұның барлығын Елбасының саралы саясаты деп білемін және бұл заңның жұмыс істеп жатқандығын көрсетеді", деді Республикалық ұйғыр мәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ахметжан Шардинов.